«ҚазАтомӨнеркәсіптің» АҚШ-та бұғатталған 32 млн доллары қайтарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Қаржы министрлігі «ҚазАтомӨнеркәсіптің» ақшасын бұғаттан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ұлттық компанияның 2022 жылғы шоғырландырылған қаржы есебінде айтылған.

«2023 жылдың 13 қаңтарында АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдегі активтерді басқару басқармасы (OFAC) бұғатталған қаражатты қайтарып беру туралы лицензия берді. 2023 жылдың 30 қаңтарында банк-корреспондент 32,7 млн доллар көлемінде қаражатты қайтарды. Оның ішінде есепке алынған пайыздар есебінен 0,4 млн доллар да қайтарылды», - деп жазылған есепте.

Сондай-ақ 2022 жылы шығарылған қысқа мерзімді коммерциялық облгицаиялар төлнгені айтылған.

«Бұл төлемнің жалпы сомасы 50,180 миллион доллар болды. Оның ішінде 0.18 миллион доллардың купоны да бар», - делінген есепте.

Бұған дейін кейбір БАҚ-та компанияның қаржысы санкциялық тізімдегі компанияларда жатқандықтан бұғатталғаны туралы мәлімет тараған.

Бұл жөіннде ұлттық компанияның сайтына 17 наурызда шыққан ресми мәліметте де айтылған. «АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) санкцияларына ұшыраған заңды тұлғалар тізіміне енгізілген 2022 жылы жеткізушіге бұрын төленген 14 812 млн теңге сомасына пайдалануға шектелген қаражат, корреспондент-банк ақшалай қаражатты қате бұғаттады және бұл қаражат сыйақыны қоса алғанда, 2023 жылғы қаңтарда толық көлемде қайтарылды; «Ақбастау» БК» АҚ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша төленген 249 тонна артық өндірілген уран үшін ағымдағы споттық бағалар негізінде 7 310 млн теңге сомасына өтемақы«, - деп жазылған релизде.


Соңғы жаңалықтар