+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қазатомөнеркәсіп уран өндіру көлемін қысқартады

2017 жылғы 4 желтоқсан 21:57
Бөлісіңіз:
Қазатомөнеркәсіп уран өндіру көлемін қысқартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Табиғи уран өндірісіндегі әлемдік көшбасшы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің өндіріс деңгейін нарықтағы сұранысқа сәйкес келтіру мақсатында, жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жоспарланған өндіріс ауқымын 20% қысқартатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарлы қысқарту 2018 жылдың қаңтар айынан бастап іске енгізіліп, үш жылға созылады. Нәтижесінде, жалпы алғанда, үш-жылдық мерзімде Қазақстандық уран өндірісі шамамен 11 мың тоннаға қысқармақ. 2018 жылы шамамен 4 мың тоннаға кем уран өндірілуі күтілуде, бұл көрсеткіш «UxC» (4 - ші тоқсан UMO есебі) 2018 жылға болжаған әлемдік уран өндірісі ауқымының 7,5 % құрайды.

Қазатомөнеркәсіп бұл шешімі жөнінде барлық негізгі сатып алушыларына хабарлап, аталған іс-шаралар өнім жеткізу келісімдеріне кері әсерін тигізбейтінін растады.

«Қазіргі нарықтағы жағдайға сәйкес, сондай-ақ табиғи уран нарығындағы өнім ұсынысының тұрақты артықшылығын ескере отырып, біз өндіріс ауқымын сұранысқа икемдеп қысқарту жөніндегі стратегиялық шешімді қабылдадық. Аталған іс-шаралар біздің уран өндірісінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша ұстанымымызды көрсетеді, себебі уран өндіру дүние жүзіндегі көмірқышқылынсыз, таза электр энергия өндірудің маңызды элементі болып табылады», деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT