«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның басшысы Нұрлан Қаппаров Бейжіңде қайтыс болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжің уақыты бойынша сағат 14:30-да (Астана уақытымен 12.30-да) Қытай астанасындағы мейрамханалардың бірінде түскі ас мезгілінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның басшысы Нұрлан Қаппаров жүрек талмасынан қайтыс болды.

Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы.

1970 жылы туған. Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, «Акцепт» корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін оның президенті болды. «КазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания», «Казахойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» акционерлік қоғамдарының президенті болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары болып тағайындалған. 2003 жылдан - «Ланкастер групп Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2012 - 2013 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi. 2013-2014 Қоршаған ортаны қорғау және су ресустары министрі. 2014 жылдың 7 тамызынан бастап, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы мен директорлар кеңесінің мүшесі.

Соңғы жаңалықтар