«Қазатомөнеркәсіп» Румынияның Атом электр станциясына уран жеткізді

None
Фото: kazatomprom.kz
АСТАН. ҚазАқпарат – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы» АҚ Румыния зауытына табиғи уран жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақстандық компанияға сілтеме жасап.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Societatea Natională «Nuclearelectrica» S.A. («SNN») энергия компаниясына табиғи уран концентраттарын жеткізу сәтті жүзеге асырылғанын хабарлайды», - делінген мәліметте.

SNN – электр энергетикасы және жылумен жабдықтау саласындағы Румынияның мемлекеттік компаниясы. Ол ядролық отын өндірумен айналысады, сондай-ақ компания Румынияда энергия өндірудің шамамен 20% қамтамасыз ететін Чернаводск атом электр станциясының операторы болып табылады.

«2022 жылғы желтоқсанда Қазатомөнеркәсіп Румынияның атом энергетикасының қажеттіліктері үшін уран тотығын жеткізуге арналған SNN ашық тендерінің жеңімпазы танылды. Келісімшарт талаптарына сәйкес компания табиғи уранды SNN зауытына дейін жеткізді. Қазатомөнеркәсіп өз өнімдерін Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) арқылы экспорттады, оны компания 2018 жылдан бері белсенді пайдаланып келеді.

Қазатомөнеркәсіп әлемдік ядролық отын нарығындағы сенімді әрі артықшылыққа ие жеткізуші ретінде өнім жеткізу географиясын әртараптандыру және жаңа өткізу нарықтарына шығу жөніндегі жұмысын жалғастыра береді», - делінген «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясының хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар