+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

2019 жылғы 7 желтоқсан 02:41
Бөлісіңіз:
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы болған Джон Дудас қызметінен кетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компания сайтына сілтеме жасап.

Джон Дудас 2015 жылдан бастап тәуелсіз мүше, ал 2018 жылғы тамыздан бастап компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болған.

«Дудас мырзаға Қазатомөнеркәсіптің мажоритарлық акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Директорлар кеңесінен қызмет ұсынылды. Бұл ұсынысты қабылдауына байланысты ол 2019 жылдың 6 желтоқсанынан бастап Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінен кетеді», делінген хабарламада.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры сайтының мәліметінше, қордың жалғыз акционерінің шешімімен Джон Дудас «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып сайланды.

Директорлар кеңесі Нил Лонгфеллоу мырзаны директорлар кеңесінің уақытша төрағасы етіп сайлау туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта Кеңестің қосымша тәуелсіз, атқарушы емес мүшелерін анықтау бойынша халықаралық процесі жүргізілуде. Директорлар кеңесі 2020 жылғы мамырда компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында іріктелген кандидаттардан Директорлар кеңесінің қосымша мүшелерін ұсынады.

Айтат кетерлігі, Лонгфеллоу мырза Біріккен Корольдіктің азаматы, 2017 жылы ол тәуелсіз мүше ретінде компания кеңесінің құрамына кірді. Ядролық институттың мүшесі мен дипломды инженері бола отырып, ол кеңестің төрағасы лауазымында ядролық энергетика саласындағы зор тәжірибе және білімімен бөліседі. Оның тәжірибесі бұрын Westinghouse Electric компаниясына қарасты British Nuclear Fuels Limited, Springfields Fuels Limited-тің Селлафилдегі өңдеу зауытында, сондай-ақ Costain PLC-дегі ядролық және мұнай-газ салаларында атқарған түрлі позицияларды қамтиды. Қазіргі уақытта Лонгфеллоу мырза Қазатомөнеркәсіп кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің әрқайсысы сияқты Директорлар кеңесінің барлық комитеттерінің құрамына кіреді және өндіріс қауіпсіздігі комитетінің (HSE) төрағасы.

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT