«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғи уранның ірі өндірушісі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті уран экспорты мен импорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы мәртебесіне ие «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында табиғи уранды жөнелту, персоналды оқыту және физикалық қорғау жоспарының болуы кезінде уәкілетті органды уақтылы хабардар етпеу бөлігінде атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзылуы анықталды», - делінген таратылған мәліметте.

Осы орайда тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, әкімшілік жаза қолдану қаралды.

Соңғы жаңалықтар