+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қазатомөнеркәсіп «Каустик» АҚ-дағы акциялар үлесін тағы да сатуға шығарды

2018 жылғы 31 шілде 13:29
Бөлісіңіз:
Қазатомөнеркәсіп «Каустик» АҚ-дағы акциялар үлесін тағы да сатуға шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Каустик» АҚ-ның 40% акциялар пакеті үшін сұралатын бастапқы баға 3 млрд 832 млн 701 мың теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конкурстық құжаттама мен ашық екі кезеңдік конкурстың хабарламасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның сайтында орналастырылған.

Ашық екі кезеңдік конкурсқа өтінімдер қабылдау 2018 жылдың 22 тамызында Астана уақытымен сағат 15.00-де аяқталады.

Еске сала кетсек, атом компаниясы «Каустиктің» 40% акциялар пакетін бұған дейін бірнеше мәрте сатылымға шығарған болатын. 2017 жылы желтоқсан айында акциялар пакеті 3 млрд 720 млн 608 мыңға теңгеге, 2017 жылы қазан айында 4 млрд 088 млн 808 мыңға, 2017 жылы тамыз айында 7 млрд 440 млн-ға бағаланған еді.

«Конкурс «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген активтерін сату және қайта құрылымдаудың бірыңғай ережелері мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерін сату жөніндегі комиссия бекіткен конкурстық құжаттамаларға сәйкес жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, «Каустик» АҚ - қолданыстағы барлық қазақстандық және халықаралық жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи химия өндірісі. Кәсіпорын каустикалық сода (30 мың т/ж), сұйық хлор (26 мың т/ж), тұз қышқылын (45 мың т/ж), сондай-ақ натрийдың техникалық гипохлоритын (6,6 мың т/ж) шығарады. Зауыт өнімдері экономиканың көптеген салаларында: мұнай, химия, медицина, тамақ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия және т.б. қолданылады.

Еншілес және тәуелді кәсіпорындарды сату бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында бизнесті оңтайландыру мақсатында бейінді емес активтерден арылу және компания қызметін тікелей атом саласына бағыттау жолымен жүзеге асырылуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT