+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Қазатомөнеркәсіп» Канадамен бірлескен кәсіпорындағы үлесін ұлғайтты

2017 жылғы 12 желтоқсан 08:36
Бөлісіңіз:
«Қазатомөнеркәсіп» Канадамен бірлескен кәсіпорындағы үлесін ұлғайтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» мен «Cameco» корпорациясының «Инкай» БК» ЖШС-ын қайта құрылымдау бойынша мәмілесінің аяқталғаны мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазатомөнеркәсіп компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Лондон қаласындағы салтанатты рәсімде Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов пен Cameco президенті - бас атқарушы директоры Тим Гитцел Қазатомөнеркәсіп, Cameco және Инкай арасындағы 2016 жылғы мамырдағы Іске асыру жөніндегі келісімде көрсетілген қайта құрылымдау туралы құжатқа қол қойған.

Іске асыру жөніндегі келісім шарттары бойынша Қазатомөнеркәсіп 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Инкай» бірлескен кәсіпорнындағы өзінің қатысу үлесін 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтып, операциялық бақылауға ие болады. Сондай-ақ Іске асыру жөніндегі келісім аясында Инкай жер қойнауын пайдалану келісімшартының мерзімін 2045 жылға дейін ұзартуға қол жеткізді.

«Cameco - іскерлік қарым-қатынасымыз қалыптасқан және көп жылдар бойы жемісті жұмыс істеп келе жатқан стратегиялық серіктесіміз. Компаниялар арасындағы бұл келісім атом саласындағы қазақстан-канада ынтымақтастығына жаңаша серпін беретініне сенемін. Инкайдағы қатысу үлесіміздің артуы осынау маңызды активті одан әрі бірлесе дамытуға мүмкіндіктер береді», - деп мәлімдеді Қазатомөнеркәсіп басшысы Ғалымжан Пірматов.

«Аталмыш келісімді іске асыру Cameco-ның 2045 жылға дейін бірінші санатты өндіру активтеріне қолжетімділігін қамтамасыз етіп, Қазатомөнеркәсіппен ынтымақтастығымызды нығайта түседі», - деді Cameco Президенті Тим Гитцел.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT