+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қазатомөнеркәсіп былтыр еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға 9 млрд теңге жұмсаған

2018 жылғы 20 наурыз 22:44
Бөлісіңіз:
Қазатомөнеркәсіп былтыр еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға 9 млрд теңге жұмсаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен жыл сайынғы кеңесте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының 2017 жылғы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

«Компаниямыз табиғи уран өндіру бойынша әлемде көшбасшы орынды иеленіп отыр. Біз әлемдік нарыққа ядролық отын жеткізу саласында көшбасшы болуға талпынамыз, бұл бәрімізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан өндірістегі қауіпсіздікке, еңбекті қорғауға, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға айрықша мән береміз. Бұл қауіпсіздікке айрықша орын берілген біздің корпоративтік құндылықтарымызбен де үйлесім табады», - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2017 жылы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шараларына 9 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, бұл 2016 жылғыдан 2 млрд теңгеге артық. Есепті кезеңде ластаушы заттардың жиынтық көлемі 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 пайызға азайған. Қосымша газ тазалаушы жабдықтардың орнатылуын қамтитын бірқатар табиғатты қорғау шараларын іске асыруға байланысты қалдықтар көлемі қысқарған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Манас Ысқақовтың айтуынша бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында өндірістегі қауіпсіздіктің барлық маңызды тараптарын қамтитын 14 корпоративтік стандарт әзірленген.

Кеңес қорытындысы бойынша, ұлттық атом компаниясының еншілес және тәуелді ұйымдары арасында өткізілетін жыл сайынғы конкурстың қорытындысы жарияланып, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үздік көрсеткіштерге ие кәсіпорындар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT