«ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ мен ағылшындық Purolite International AG компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумды бекітті

None
None
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы «Майнекс Орталық Азия - 2011» тау-кен өнеркәсіптік форумы барысында «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ мен Purolite International AG компаниясы (Ұлыбритания)

технологиялар мен инновациялар саласында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды бекітті.

Аталған құжатқа Қазақстан тарапынан «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Рыспанов, ал Ұлыбритания жағынан - аталған компанияның президенті Стефан Броди қол қойды. Таратылған мәліметтерге қарағанда, ағылшындық әріптеспен бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру - өз кезегінде жоғары технологиялық химиялық және басқа да өнімдерді Қазақстан аумағында ірі көлемде өндіруге мүмкіндік бермек.

Бірлескен ынтымақтастық шаралары аясында сирек және бағалы металдар гидрометаллургиясы саласында технологиялық зерттеу және тәжірибелік жұмыстар, сондай-ақ гидрометаллургиялық кәсіпорындарды жобалау үшін техникалық шараларды әзірлеу секілді іс-қимылдар жүзеге асырылады.

Purolite International AG компаниясы 1981 жылы құрылды.Ол әлемдік нарықта иондық ауысымдарға, катализаторларға арнайы шайырды алдыңғы қатарлы жеткізуші компания болып табылады.

Соңғы жаңалықтар