Қазандағы ҚР бас консулы Татарстанның Мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевпен кездесті

None
None
КАЗАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қазандағы бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевпен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Екі тарап Қазақстанның Татарстанмен ынтымақтастығы Ресей Федерациясымен өзара іс-қимылдың барлық кешенінде маңызды орын алатынын атап өтті.

М.Шаймиев қазақстандық дипломатты тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметіне табыс тіледі
Соңғы жаңалықтар