Қазанда жылдық инфляция 7,1 пайызға дейін артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазанда жылдық инфляция 7,1 пайызға дейін артты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазанда жылдық инфляция бір ай бұрынғы 7 пайыздан 7,1 пайызға дейін артты. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының 5,5 пайызынан 5,6 пайызға дейін және ақылы қызметтер бағасының 3,6 пайызынан 3,7 пайызға дейін өсуі кезінде 10,8 пайыздан 10,7пайызға дейін аздап баяулады», - деді Ерболат Досаев.

Оның атап өтуінше, инфляцияның шамалы жеделдеуі қысқа мерзімде пайдаланылатын тауарлардың қымбаттауы және коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуін қалпына келтіру аясында байқалады.

«Сыртқы және ішкі нарықтардағы жоғарғы белгісіздік аясында осы жылғы 26 қазанда базалық ставка +/-1,5 пайыздық тармақ дәлізімен 9 пайыз деңгейінде сақталды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар