+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазанда инфляция 5,5 пайыз болды - ҰБ

2019 жылғы 12 қараша 10:32
Бөлісіңіз:
Қазанда инфляция 5,5 пайыз болды - ҰБ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға барынша көп үлес қосып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк алдағы үш жылда инфляция деңгейі қалай өзгеретінін айтты 2020-2021 жылдары инфляцияның дәлізі 4-6 пайыз болмақ – Руслан Дәленов Қазақстанда ет, нан және жарма бағасы қымбаттады

«Жылдық инфляция біздің күтуімізге сәйкес қалыптасуда және қыркүйектегі 5,3 пайыздан өсіп, қазанның қорытындысы бойынша 5,5 пайыз болды. Азық-түлік тауарларына бағаның өсуі инфляцияға барынша көп үлес қосуда. Оларға бағаның жылдық өсуі 9,7 пайызға жетті. Нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының 14, ет және ет өнімдерінің 13,8, балық пен теңіз өнімдерінің 12,7 пайызға өсуін ерекше атап өткен жөн. Қазанда жеміс-көкөніске бағаның жылдық өсуі 7,6 пайызға дейін жетті. Бір ай бұрын ол 3,5 пайыз болды», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның атап өтуінше, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі бензин бағасының төмендеуі себепті өткен жылғы желтоқсандағы 6,4 пайыз және қазандағы 6,5 пайыздан 5,2 пайызға дейін баяулады. Ақылы қызметтерге баға мен тарифтердің өсуі тарихи ең төмен деңгейде қалуда – жылдық мәнде 0,8 пайыз. Реттелетін қызметтерге тарифтер қазанда жылдық мәнде 7,7 пайыз төмендеді.

«Әлемдік нарықтардағы азық-түліктің қымбаттауы, сондай-ақ халық кірісінің ұлғаюы аясында ішкі сұраныстың кеңеюі инфляцияның өсуі үшін негізгі тәуекелдер болып отыр. Бұл ретте осы тәуекелдер негізгі сауда әріптес елдерде бұрын күтілгеннен төмен инфляциямен және сыртқы монетарлық жағдайлардың жұмсаруымен өтеледі. Жыл соңына дейін инфляция деңгейі 5,7-5,8 пайыз, яғни 4-6 пайыз таргеттелетін дәлізде бағаланады. Осы факторларды ескере отырып, Ұлттық банк 28 қазанда базалық ставканы 9,25% деңгейде және +/- 1 пайыздық тармақ дәлізде сақтады», - деді Ерболат Досаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT