+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

Қазан қаласындағы мектепте атыс болды

2021 жылғы 11 мамыр 13:40
Бөлісіңіз:
Қазан қаласындағы мектепте атыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«18 килогерц» фильмі Татарстанда өткен кинофестивальде Гран-при жеңіп алды

«Қазіргі мәлімет бойынша, атысты белгісіз екі адам бастаған. Зардап шеккендер бар, олардың қанша екені және оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр», - деді мәлімет беруші.

Оның айтуныша, білім мекемесіндегі атысты жасөспірім бастаған және қазіргі кезде ол ұсталған.

Қазіргі кезде оқиға орнында құқық қорғау органдары мен шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр. Татарстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мектепке қарай Қазан қаласындағы жедел медициналық жәрдемнің 21 бригадасы мен республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жіберілді.

«Оқиға орнында Татарстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Марат Садықов жүр», - деп хабарлады агенттік.

Аймақтың Білім беру министрлігінің мәліметінше мектептегіі атыстан зардап шеккендердің арасында балалар жоқ.

Ал, п рокуратурада ТЖ туралы ақпараттың тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

«Оқиға орнына Татарстан Республикасының прокуроры Илдус Нафиков аттанды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT