Қазан айында Қарағанды облысының тұрғындары медициналық сақтандыру қорына 2,6 млрд теңге аударды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Осы жылдың қазан айында Қарағанды облысының төлеушілері медициналық сақтандыру қорына 2,6 миллиард теңге аударды. Аймақ аударымдар бойынша бұрынғысынша Алматы мен Нұр-Сұлтаннан кейін көшбасшылар үштігін тұйықтап тұр. Дегенмен облыста 280 мыңнан астам адам сақтандырылмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2,6 миллиард теңгенің 1,2 миллиарды қазан айында жалдамалы жұмысшылар үшін аударылды. Қалған 1,4 миллиард теңгені жеке кәсіпкерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтардың және дербес төлеушілердің жарналары құрады.

«Медициналық сақтандыру жүйесіндегі жалдамалы жұмыскерлердің мәртебесі осы аударымдардың жүйелілігі мен уақтылығына байланысты. Қазіргі уақытта облыста әртүрлі ұйымдардың 60 мыңнан астам жалдамалы қызметкерлері сақтандырылмаған күйінде қалып отыр. Жалпы алғанда, медициналық сақтандыру жүйесінен тыс 280 мыңнан астам адам бар. Мәртебенің болмауының себебі, әдетте, соңғы 12 айда берешектің болуымен байланысты», – деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Егер облыс тұрғындарында медициналық сақтандыру аударымдары бойынша берешек пайда болса, оларды өтеу қажет. Ол үшін, ең алдымен, қандай айлар үшін қарыз бар екенін, қандай себеппен екенін анықтау керек. Егер жұмыс беруші уақытында жарна жасамаса, жұмыс орнындағы бухгалтерияға жүгіну қажет. Егер тәуелсіз төлеуші болса, онда қарызды төлеу керек. Өз мәртебеңізді және қарыз жайлы Telegram-да SaqtandyryBot арқылы және fms.kz сайты, qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.


Соңғы жаңалықтар