Қазан айында еліміздің батыс өңірінен құбыр арқылы Қытайға мұнай тасымалдана бастайды

None
None
күйектің 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың қазан айынан бастап еліміздің батыс өңірінен құбыр желісі арқылы Қытайға мұнай тасымалдана бастайды.Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті,

 деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Кеңқияқ-Құмкөл құбырының құрылысы аяқталғанына тоқталған министр, «Биылғы жылдың қазан айында бұл құбыр желісімен  мұнайды тасымалдауды бастаймыз. Бірінші кезеңде ондағы мұнай өткізу қуаты 10 млн. тоннаны құрайды. Бұл атаулы кезең, себебі Қазақстан еліміздің батыс өңірінің мұнайын Қытайға тасымалдайтын құбыр желісінің инфрақұрылымын иемденіп отыр», деді.

Соңғы жаңалықтар