Қазан айында еліміздегі аудандарға жылжымалы медициналық кешен жеткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Covid-19-ға арналған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар шаралар қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚР ДСМ өзекті мәселелері: Пандемия кезіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі туралы» тақырыпта өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустың таралу қаупінің алдын алу үшін бірқатар шараларды қолға аламыз. Коронавирустың жаңа толқыны бола қалған жағдайда еліміз бойынша 70 000 орын қарастыруға дайынбыз, оның 51 мыңы стационарларда Covid-19-ға арналған орындар. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар шаралар қабылданды. Covid-19-ға арналған дәрі-дәрмектерді 2 айға артығымен алып қойдық, ол аймақтарға таратылып қойды. Оның құны 11,4 миллиард теңге. Барлық аймақта ең қажетті деген дәрі-дәрмектер үшін 13 миллиард теңге көлемінде тұрақтандыру қоры құрылды. Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмектер тізімі ұлғайды. Covid-19-ға арналған тағы 5 дәрі қосылды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Оның айтуынша, коронавирусты үйде емдеу үшін 1 миллион науқасқа арналған тегін дәрі-дәрмек қарастырылған.

«Сондай-ақ, 2,2 миллион теңгеге тұмауға қарсы вакцина сатып алынды. Вакцина егу 15 қыркүйектен басталды. Қазіргі уақытқа дейін 1 миллионға жуық адамға екпе жасалды. Инфекциялық және провизорлық стационарларда 3379 өкпені жасанды желдететін аппарат бар. Қосымша 2 619 дана осындай аппарат сатып алынады, оның ішінде 1 500 аппарат отандық өнім. 21 мың орын оттегімен қамтамасыз етілді, қазан айының соңына дейін қосымша 9 000-нан астам орын оттегімен қамтамасыз етіледі. Аудандық ауруханаларға елімізде шығарылған қосымша 53 рентген аппараты алынады. Жедел жәрдем қызметі 1 167 дана санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етіледі. Ауылдағы халықтың медициналық қызметке қолжетімділігі 100-ге жуық жылжымалы медициналық кешенді сатып алумен жүзеге асырылады. Ол аудандарға қазан айының ортасына дейін жеткізіледі», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар