Қазан айында азық-түлік тауарларының бағасы былтырғыға қарағанда 10,7 пайызға өсті

None
None
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылғы қазанда азық-түлік тауарларының бағасы 2010 жылғы қазанмен салыстырғанда 10,7 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Атап айтқанда, 2011 жылғы қазанда 2010 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаға 1,8 есе, май және тоң майға - 15,9 пайыз, ұнға - 12,4 пайыз, сүт өнімдеріне - 10,2 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 8,8 пайыз, макарон өнімдеріне - 8,5 пайыз, кофе, шай және какаоға - 7,8 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 5,3 пайыз, қантқа - 3,4 пайыз, нанға - 2,7 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 1,7 пайызға өсті.

Бұдан бөлек, аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 19,5 пайызды құрады. Қой етіне баға деңгейі 25,4 пайыз, жылқы етіне - 17,5 пайыз, шұжық өнімдеріне - 11,7 пайыз, шошқа етіне - 8,9 пайыз, құс етіне - 6 пайызға жоғары болды.

Соңғы жаңалықтар