+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазан айынан мүгедек адамдар жаңа жәрдемақы алады

2021 жылғы 28 қыркүйек 13:36
Бөлісіңіз:
Қазан айынан мүгедек адамдар жаңа жәрдемақы алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі айдан мүгедек адамдар жаңа жәрдемақы ала бастайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша қандай жұмыстар атқарылуда Аз қамтылған отбасындағы оқушыларды әлеуметтік қолдауды күшейту керек - депутат Экономика министрлігі Үкіметте үш Ұлттық жобаны таныстырды

«2019 жылы Үкімет қаулысымен мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар қабылданды. Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің, жұртшылықтың қатысуымен әзірленді және 7 бағытты қамтиды, 64 іс-шарадан тұрады, оны 7 (жеті) орталық мемлекеттік орган іске асырады. Ұлттық Жоспарды іске асыру үшін Еңбек министрлігі мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіруде», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, соңғы екі жылда осы бағытта 1 Кодекске, 2 Заңға, Президенттің 1 Жарлығына, Үкіметтің 2 қаулысына, Ұлттық банк басқармасының 1 қаулысына, министрліктердің 12 бұйрығына өзгерістер енгізу және әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді.

«Өткен бейсенбі, 23 қыркүйекте Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қаралып, мақұлданды. Жақын арада заң Мемлекет басшысына енгізіледі, іс жүзінде жуырда оның қабылдануын күтеміз. Заң жобасы бойынша жұмыс 2019 жылы басталған болатын», - деді вице-министр.

Вице-министрдің дерегінше, заңда 19 түбегейлі түзету қамтылған және 16 заңнамалық актіге өзгертулер енгізуді көздейді.

«Заң нормаларын жүзеге асыру үшін осы және келесі жылға 55 млрд теңге бөлінді. Келесі айдан бастап мүгедек адамдар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылары жаңа жәрдемақы ала бастайды әрі жаңашылдықты сезінеді», - деді Ерлан Әукенов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT