Қазан айынан бері 2 млн-нан астам қазақстандық ЖРВИ жұқтырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник елдегі ЖРВИ-дың таралуына қатысты соңғы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ел аумағында тұмау мен ЖРВИ-дің жиі таралуы байқалады. 1 қазаннан бастап санитарлық қызмет 2 млн 100 мың ЖРВИ жағдайын тіркеді. Оның арасында 1 млн 300 мыңы 14 жасқа дейінгі бала. Тұмау бойынша Қазақстанда «В» вирусы өршіп тұр. Барлық өңірде тіркелген. Жалпы, суық тиіп ауру көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 10 пайызға өскен», - деді Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ министр орынбасары тұмау және ЖРВИ-ге қарсы елімізге 2 млн 280 мыңнан астам вакцина әкелінгенін және тұрғындардың 12 пайызы екпе алғанын айтты.

Осы орайда В. Дудник қазақстандықтардан тұмау және ЖРВИ маусымы басталмай тұрып, алдын ала вакцина алуға шақырды.

Брифинг барысында белгілі болғандай, биыл Қазақстанда 402 мың сәби дүниеге келді.

Одан бөлек, «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам нәресте дүние есігін ашты.


Соңғы жаңалықтар