Қазан айынан бері 1 миллионнан астам қазақстандық ЖРВИ жұқтырған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде тұмау және ЖРВИ-дің таралуына мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын қазан мен сәуір аралығы - жіті респираторлық вирустық инфекция және тұмау өршитін маусым. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша биыл эпидемиялық маусымда вирустың үш штамы өзекті. Ол A (H1N1), A (H3N2) және B штамы. Сондықтан биылғы вакцина құрамына бұл штамдар енгізілген. Елімізде ЖРВИ және тұмаудың таралу жағдайын мониторингілеу жыл сайын 1 қазан мен 30 сәуір аралығында жүргізіледі. Биыл эпидемиялық маусым басталғалы (2022 жылғы 1 қазаннан бастап) 1 млн 27 мың ЖРВИ жағдайы тіркелді», - деді ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ маусым басталғалы 865 адам тұмауға шалдыққан. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 341 бала бар.

«Жыл сайын тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шаралар тұрақты өтіп тұрады. Биыл 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің биылғы эпидемиялық маусымға тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы шықты. Оған сәйкес медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге, тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығы пысықталды. Сонымен қатар зертханалардың тұмау, ЖРВИ және басқа вирустар бойынша зерттеулер жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар