+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазалылық еріктілер тұрмысы төмен отбасына баспана салып берді

2020 жылғы 10 шілде 05:43
Бөлісіңіз:
Қазалылық еріктілер тұрмысы төмен отбасына баспана салып берді

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұратын еріктілер Мархаббат Асанова мен Мерей Айекешованың бастамасымен жергілікті тұрғындар көп балалы отбасыға баспана салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған 120 медицина қызметкеріне өтемақы төленді 21 250 теңге автоматты түрде аударылады - Еңбек министрлігі Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңгенің жартысы берілетін болды

Бұдан бұрын қайырымдылық істерімен көпшілік көзіне түсіп келген волонтерлерді төрт балалы жалғызбасты әкенің жағдайы алаңдататын еді. Карантин кезінде халыққа көмектесу мақсатында қаржы қорын құрды. Жергілікті кәсіпкерлер тарапынан жиналған 800 мың теңгеге аз қамтылған 55 отбасыға азық-түлік жеткізіп берді. Сондай-ақ,арнайы карантиндік шара барысында жұқпалы аурулар ауруханасына жаңа төсек жабдықтары мен арнайы киім алдырды.

«Осындай күндердің бірінде Қазалы қаласындағы 4 балалы жалғызбасты әкенің жағдайы бізді алаңдатты. Ол тұратын баспана көзге қораш көрінетін. Баспана құлау қаупінде тұрған. Нөсер жауса, үй шынымен құлап қалар еді. Осылайша, қалған шағын қаржымен жаңа үй салуды ойластырдық», - деді ерікті жастар.

Қайырымдылыққа шақырған қос қыздың бұл ісіне Қазалы жастары да қызу қолдау білдірді. Кәсіпкер ақшалай да, құрылыс жабдықтарымен де қамтамасыз еткен. Нәтижесінде баспанаға мұқтаж отбасы қысқа уақыт аралығында 3 бөлмелі үйдің кілтін алды.

Сондай-ақ, Қызылордада жанашыр жандар көпбалалы анаға баспана алып берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT