Қазалыдағы 5 отбасыға қайырымды жандар үй салып берді

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында қайырымды жандардың қолдауымен тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға баспана кілттері табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш игілікті істің жүзеге асуына «Асыл Иман Ихсан» қайырымдылық қорының белсенді азаматтары ұйытқы болды. Қор жыл басынан аудан көлемінде түрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып келеді. Нәтижесінде тұрмысы төмен және көпбалалы 5 отбасыға тұрғын үйлер сатып алынды.

Кілттерді тапсыру шарасына Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқан қатысты. Олар мұқтаж жанұяларға қол ұшын созып, жанашырлық танытқан қайырымды қазалылықтарға ризашылығын білдірді. Мұнан соң жаңа салынған тұрғын үйдің кілттері тұрғындарға салтанатты түрде табыс етілді. Қайырымдылық ісімен айналысып жүрген бір топ азамат Алғыс хаттармен марапатталды.
null

Айта кетейік, жеке тұрғын үйлердің құрылысын аудандағы «Жанқожа батыр» атындағы мешіттің жамағаты құрған «Асыл Иман Ихсан» қайырымдылық қоры жүргізді. Қорға сондай-ақ аудандық, облыстық мәслихат депутаттары, аудан кәсіпкерлері қолдау көрсетті. Жиналған 10 млн теңгеге жуық қаржының есебінен аудан орталығы - Әйтеке би кентінен жалпы көлемі 1 мың шаршы метр жерге 5 отбасыға арналып тұрғын үй салынды. Бірнеше айға созылған құрылысқа көптеген азаматтар көмектесті. Оларда электр энергиясы, ауыз су, ыстық су, газ және кәріз жүйелері жүргізіліп, қажеттіліктердің барлығы жасалған.

Бұдан бұрын жалағаштық кәсіпкерлер жалғызбасты анаға баспана алып бергенін хабарлаған едік.

null

Соңғы жаңалықтар