Қазалыдағы 32 ескерткішке QR-код орнатылды

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерге QR-коды бар тақтайшалар орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мұндай QR-коды бар тақтайшаларды «Қызылорда облысының тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазалы ауданының 32 ескерткіші мен тарихи-мәдени нысанына орнатты. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғаса береді, себебі ауданда бұдан өзге де 63 мәдени-тарихи зор мәнге ие орындар мен ескерткіштер бар», - деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдени және рухани ескерткіштерді қорғау жөніндегі әдіскері Бекет Табынбаев.


Былтырдан бастап «Цифрлы Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары бойынша «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында нақты жұмыстар қолға алынып келеді. Осы мақсатта Қызылорда облысында тарихи-мәдени мұраны қорғау саласын сандық форматқа көшіру мақсатында облыстық жобалық кеңсе бойынша 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның бірі - облыс көлеміндегі тарихи­ және мәдени ескерткіштерге QR-код орнату жобасы аясында 150 ескерткішке QR-код орнатылды.

Бұдан бұрын Сығанақты зерттеу барысында бірқатар жаңа деректер анықталған еді.

Соңғы жаңалықтар