Қазалыда жүзіммен қапталған қанатты үй бар

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қазалылық бағбан жүзіммен көмкерілген киіз үй жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтан батыр ауылының тұрғыны Мәлік Балтабекұлы бағбандық пен ұсталық кәсіпті тең меңгерген. Оның үйінің ауласына бас сұққаннан бойыңыз сергіп, жансарайыңыз ашылып сала береді. Ауласында жайқала өсіп тұрған қызыл, көк, қара түсті жүзім, қара өрік, сары өрік, алмұрт, жергілікті шағын алма, көк апорт, сары апорт, шабдалы, шие, жидек ағаштары алыстан жанарыңды арбайды. Оны айтасыз, Қазалыда көп кездесе бермейтін бірнеше түп грек жаңғағының ағашы үй иесінің нағыз майталман бағбан екенін айғақтайды. Айтпақшы, аулада қалың өскен сіпсе де (сыпырғыш буылады) бар.
null 

«Жүзімнің, алманың көптеген сортын, алмұрт, шие, өрікті егіп, өсіріп отырмын. Мынау алты қанатты киіз үй, оны айналдыра жүзім еккенмін. Қазір көмкеріп тұр. Көктемде ерте көктеп, қанатты үйді қаптайды. Көркі көз тартады. Кейбіреулер бұл жасыл-желекке қызығып, көру үшін алыс-жақыннан келіп жатыр. Негізі, әке-шешем осының саясында, көлеңкесінде отырсын деген мақсатпен жасаған болатынмын», - дейді бағбан.
null 

Мәліктің басқа да қыры жетіп-артылады. Ол - он саусағынан өнер тамған шебер.

Қазіргі таңда Мәлік Махамбет балаларымен бірге жеміс-жидек, көкөніс егіп, өнімін өткізіп ризықтарын табуда. Түрлі бұйымдар жасап, жалға беруді кәсіп көзіне айналдырған. Ел арасында Мәлік қолдан жасаған «горелка», әсем жабдықталған шатыр (палатка), қазан-ошақ, титан, жер үстелдер, киіз үйлерге сұраныс жоғары.

null  

Соңғы жаңалықтар