Қазалыда жүк көлігі 40 уақ малды басып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында жүк көлігі жол бойында 40 уақ малды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кенті тұсындағы «Шымкент-Самара» тас жолының бойында тіркелген.

Сол маңдағы май құю бекетінің жанында «КамАЗ» жүк көлігі 40 уақ малды басып кеткен.

«Жүк көлігін Қызылорда қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан. Бұл іс бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы бойынша хаттама рәсімделді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қызылордада жол бойында адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды.


Соңғы жаңалықтар