Қазалыда жат ағымды ұстанған 4 адам сотталды

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қазалы ауданында 2017 жылы деструктивті діни бағытты ұстанушы 4 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Деструктивті діни ағымдар - азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Өткен жылы деструктивті діни бағытты ұстанушы 4 қазалылық азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оның үшеуі 2-3 жылға шартты мерзімге кесілсе, бір азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылған», - дейді аудандық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ерлан Нұржаубаев.

Соңғы жаңалықтар