+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазалыда «Жанкент» фольклорлық ансамблі құрылды

2019 жылғы 6 қыркүйек 03:36
Бөлісіңіз:
Қазалыда «Жанкент» фольклорлық ансамблі құрылды

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жанкент» фольклорлық ансамблі құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған театр фестивалі басталды Ақтоты Райымқұлова мәдениет қызметкерлерінің жалақысы қаншаға өсетінін айтты Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған республикалық айтыс мәреге жетті

Бұл игілікті іс Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында қолға алынып отыр.

Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық клубында өткен «Мәдениеттің бастауы - клубтардан» атты семинар барысында фольклорлық ансамблінің тұсаукесері жасалды. Ансамбль өнерпаздары алдағы уақытта қазақтың өнерін, ән мен күйін дәріптеуге көңіл бөлетін болады.

Мәдени басқосуға облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы директорының орынбасары Рая Ділімбетова қатысып, өнерпаздар шығармашылығын жоғары бағалады. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев пен Өркендеу ауылдық округінің әкімі Нәби Үргенішбай сала қызметкерлеріне өз тілектестігін білдірді.

Семинар барысында ауылдық кітапхана қызметкері Несібелі Нұрадин Оғыз мемлекетінің Жанкент шаһарының тарихы жайында баяндады.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Сыр өңірінің жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT