Қазалыда оқушылар Жанкент қалашығындағы археологиялық жұмыстармен танысты

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылордалық оқушылар Қазалы ауданындағы Жанкент қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл игілікті іс Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қолға алынып отыр. Аталған бағдарламада көрсетілген «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында оқушылар Жанкент қалашығымен кеңінен танысты.

Жанкент қалашығы Қазалы ауданына қарасты Жанкент ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 500 метрде орын тепкен. Жанкент X-XI ғасырларда оғыздардың ордасы болған деген деректер айтылады. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында облыстың жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енгізілген. Биыл Жанкент қалашығында кешенді археологиялық және қайта жаңғырту шаралары атқарылуда.

Бүгінде аталмыш қалашықта жергілікті ғалымдар Ресейдің Н.Н. Михлуко-Маклай атындағы Мәскеу антропология және этнология институты ғалымдарымен бірлесіп археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп кеелді. Аталмыш экскурсияны облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы мен облыстық білім басқармасының бастамасымен ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Жанкент қалашығы туристік нысанға айналатынын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, жергілікті студенттер көне Жанкент қалашығын зерттеуге атсылысып келеді.







Соңғы жаңалықтар