Қазалыда құрылыс нысанында екі адам мерт болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысанында оқыс оқиға салдарынан екі ер адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап.

«Бүгін Әйтеке би кентінде жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында оқыс оқиға орын алып, екі азамат қайтыс болды.

Оқиға орнында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде», - деп жазды Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында.

Ресми емес дерек бойынша қайғылы оқиға бүгін кешкі сағат 17.00 шамасында болған.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы жөнінде алдағы уақытта хабарлайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар