Қазалыда компрессорлық станция іске қосылды

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қазалы ауданындағы Ақсуат ауылында «Қорқыт Ата» компрессорлық станциясы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары Мұхатай Шаңбатыров, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының директоры Талғат Қызылбаев қатысты. Қонақтар «Қорқыт Ата» компрессорлық станциясының ішкі құрылымын аралап, жұмысымен танысты.null

Аудан әкімі «Қорқыт Ата» компрессорлық станциясының ашылу рәсімін жасап, станцияның жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кету керек, Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар - "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбыры Сыр еліне зор мүмкіндік берді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл Елбасының жасаған тікелей қамқорлығымен, аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асырылуда.

null null

Соңғы жаңалықтар