Қазалыда кешкі мектептің есепшісі сотталды

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қазалыда 2 миллионнан астам қаржыны жымқырған кешкі мектептің есепшісі сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазалы аудандық сотының судьясы Дәурен Әбдіхалықовтың хабарлауынша, өзінің қызметтік бабын асыра пайдаланған кешкі мектептің есепшісі 2,5 миллионға жуық теңгені жеке карт-шотына аударып алған.

«Сотталушы Қазалы ауданының білім бөлімінің жалпы білім беретін кешкі мектебінің есепшісі қызметінде жүріп, 2017 жылдың ақпан айы мен 2018 жылдың ақпан айының аралығында өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, 2 472 700 теңгені жеке карт-шотына аударып алған. Сөйтіп, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттің мүлкін иемденіп, 2 472 700 теңге зиян келтірген», - дейді судья Д.Әбдіхалықов.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық Кодекстің 63-бабына сай тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, оған 5 жыл сынақ мерзімі белгіленді. Сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар