Қазалыда қатты желден бірқатар нысандардың шатырына зиян келді - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында қатты желдің салдарынан бірқатар нысандардың шатырына зиян келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға 13 ақпанда аудан орталығы мен Бозкөл ауылында болды.

«Қатты желдің салдарынан Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндегі «РЗА дүкені» сауда үйі мен Бозкөл ауылындағы №96 мектептің шатырына зиян келтірген. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Мамандар шұғыл қайта қалпына келтіру шаралары бойынша тиісті жұмыстар атқаруда», - деп мәлім етті Қазалы ауданы әкімдігінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көкөніс алып келе жатқан жүк көлігі өртенді.

Оқиға 13 ақпанда сағат 22.00 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолының Жаңақорған ауданы Бірлік ауылы тұсында болған.


Соңғы жаңалықтар