Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қазалы аудандық кітапханасында «Сoworking» орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұржамал Мырзамұратова қатысып, аудандық кітапхана ұжымына сәттілік тіледі.

«Қазалы ауданында ашылған көше кітапханасы - республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған жоба. Аталған жобаны өзге аудандар да өздеріне үлгі етіп, көше кітапханаларын ашты. Бұл - қуантарлық іс. Бүгінгі күні ашылған «Сoworking» орталығы аудан жастарына қолайлы орын болатыны анық», - дейді Нұржамал Мырзамұратова.null

Сондай-ақ Арал, Жалағаш, Жаңақорған аудандарының кітапхана қызметкерлері де қонақ ретінде қатысты.

Айта кетейік, «Сoworking» орталығында жастар мен жасөспірімдер уақытын тиімді өткізе алады. Бұл жерде аудан жастары көптеген қызықты акцияларға, зияткерлік ойындарға және тағы басқа шараларға қатыса алады. Сонымен қатар, орталықта шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын орындар да бар.

Соңғы жаңалықтар