Қазалыда арақ ішіп келген әкесіне баласы пышақ сұққан

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қазалы ауданында арақ ішіп келген әкесіне баласы пышақ сұқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазалы аудандық сотының судьясы Дәурен Әбдіхалықовтың мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен айыпталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Қылмыстық іс 2018 жылы 11-ақпанда сағат 21:00-дер шамасында болған. Әкесі жәбірленуші үйіне арақ ішіп келеді. Оның мас күйін көрген баласы «сен неге іше бересің, арақты қашан қоясың» дейді. Жәбірленуші ашуға беріліп, баласын балағаттап, кеудесінен итеріп жібереді. Сотталушы еденге құлап, жанында тұрған дастархан үстіндегі асхана пышағын алып, әкесінің сол жақ жауырын асты тұсына тығады. Содан денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген», - дейді судья Д.Әбдіхалықов.

Іс бойынша күдікті кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар