Қазалы ауданында жас ақындар айтысы өтті

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - «Жастар жылы» аясында Қазалы ауданы Ү.Түктібаев ауылында «Жастар дінді жырлайды» атты жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтысты өткізуге аудандық ішкі саясат бөлімі, Қазалы аудандық Жанқожа батыр мешітіне қарасты Қожа Орынбет Ишан мешіті мұрындық болған. Сондай-ақ, ауылдан шыққан кәсіпкер Жетес Ыдырысұлы демеушілік көрсеткен.

- Еліміздегі айтыс өнерінің өрістеуіне Сыр ақындары да үлес қосып келеді. Алысқа бармай-ақ, Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Мейірбек Сұлтанхан есімді жерлестеріміз «бүгінгі айтыстың арланы, Жүрсіннің жүйріктері» десем артық айтқан емес. Осындай ағаларының жолын қуып, ізін жалғап келе жатқан жеткіншектер қасиетті Қазалы топырағында да өсіп келеді. Қазалылық өрендеріміздің ұлттық өнерге, оның ішінде айтыс өнеріне жақындығы қуантады, - деді аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Айдарбекұлы айтыстың ашылу салтанатында.

Сөз додасына 12 жас ақын қатысты. Нәтижесінде Бас жүлде Қожабақы ауылынан келген жас дарын Амангелді Тоқтарбекке бұйырды. І орынға майдакөлдік Әбдіхан Бекзат лайық деп танылса, ІІ орынды да майдакөлдік Серіков Бекзат еншіледі. Ал ІІІ орынға тағы бір майдакөлдік ақын 7-сынып оқушысы Есебай Өміртай ие болды.

Соңғы жаңалықтар