Қазақы ит тұқымдарын халықаралық деңгейде тануға өтінім берілді

None
Фото: mydog.press
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық кинология федерациясына қазақы ит тұқымдарын әлемдік деңгейде тану туралы өтінім берілді. Бұл жайында «Қазақстан кинологтар одағы» РҚБ президенті Бауыржан Серікқали мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақы ит тұқымдарын әлемдік деңгейде тану үшін халықаралық кинологиялық федерацияға өтінім беру қажет. Бұл жерде басты талап – еліміздің кинологиялық қоғамдық ұйымының халықаралық кинология федерациясына толық құқылы мүшелігі», - деді Бауыржан Серікқали орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл мамыр айында Бельгияның Тюэн қаласында халықаралық кинологиялық федерация басшылығымен келіссөз жүргізілді.

Кездесу аясында Қазақстан кинологтар одағының халықаралық кинологиялық федерацияға толық құқылы мүшелігіне ресми өтінім берілді. Аталған мәселе 21-22 тамызда Женевада (Швейцария) халықаралық кинологиялық федерацияның бас ассамблеясында қаралады.


Соңғы жаңалықтар