Қазақтың жылқы түсін сипаттайтын атаулары Гиннестің рекордтарына енуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың жылқы түсін сипаттайтын 300-ге тарта атауы Гиннес рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы директорының орынбасары Баян Шайгөзова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қола дәуірінің ежелгі металлургиялық қоныс орнына ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Биыл бұл жұмыстар, әрине, жалғасын табады. Содан кейін «Жылқы түсінің, қазақ атауларының этнонимі» деген этнографиялық салада үлкен ғылыми жұмыс жасалуда. Мәселен, Еуропада жылқы түсінің 60 атауы, Ресейде 40 атауы болса, біздің Қазақстанда 300-ден астам түс атауы бар екен. Біз келешекте осы ғылыми жобаны Гиннес рекордтар кітабына енгізу мақсатында үлкен жұмыстар жүргізіп келеміз», - деді Баян Шайгөзова.

Еске сала кетсек, Баян Шайгөзова Ұлытауға былтыр 14 мыңнан астам турист келіп, тарихи ескерткіштер мен киелі өңірлерді аралап қайтқанын мәлім еткен болатын.

«Экспозиция және экскурсия туралы айтар болсақ, былтыр Ұлытауға экскурсияға 14 мыңнан астам турист келіп кетті. Оның 200-ден астамы - шетелдіктер. Туристердің бәрі біздің өңірге келгеннен кейін тарихи өңірлерге барады. Қысымыз қатал, климатымыз суық болғандықтан, маусымдық жұмыстар бізде мамыр айынан басталып, қыркүйекте аяқталады. Алайда қыста да экскурсияға келетіндер баршылық», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар