+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Қазақтың күйлері рухани тұтастығымызды білдіреді - Президент

2018 жылғы 1 шілде 13:31
Бөлісіңіз:
Қазақтың күйлері рухани тұтастығымызды білдіреді - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде қасиетті қара домбыраға деген құрмет ешқашан төмендеген емес. Бұл туралы бүгін Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған концертте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рухани жаңғыру бағдарламасы арқылы ұлттық мәдениетімізді әлемге танытуға домбыра ерекше үлес қосады. Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Тәттімбет пен Сүгірдің, Қазанғап пен Динаның күйлері төл мәдениетіміздің бірегей үлгілері. Кешегі арамыздан өткен Нұрғиса Тілендиев домбыра арқылы өзінің өшпес өнерін қалдырды. Олардың барлығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халықтың жадында сақталып келеді. ЮНЕСКО шешімімен домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енді. Елімізде қасиетті қара домбыраға деген құрмет ешқашан төмендеген емес. Осыдан біраз жыл бұрын Астанада күй атасы Құрманғазының ескерткіші бой көтерді. Алматыда әйгілі Нұрғиса Тілендиевтің еңселі ескерткіші орнатылды. Осының бәрі домбыра мен күй өнерімен ғасырлар бойы даламызды сазбен тербеткен күйшілерді қадірлеудің көрінісі», - деп тоқталды Елбасы.

null Сондай-ақ, Мемлекет басшысы домбыра қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық екенін атап өтті.

«Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген. Күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Осы игі үрдіс қазір де жалғасып келеді. Бүгін «Қазақ Елі» алаңына жиналған мыңдаған күйші осының айқын көрінісі. Рухани жаңғыруға бет бұрған халқымыз қасиетті домбыра мен құдіретті күйді қазақ қаншалықты қадірлейтінін бүкіл елімізге, барша әлемге паш етіп отырмыз. Осы жерде күмбірлеген күйлер біздің бірегейлігіміз бен рухани тұтастығымызды білдіреді. Ылайым әр уақытта елімізге Жаратқан бірлік берсін. Бүгінгі шара өскелең ұрпақтың қасиетті домбыраға, ұлттық өнерге деген құлшынысын арттыра түседі деп білемін. Ұлттық домбыра күні баршамызға құтты болсын!», - деп құттықтауын жеткізді Президент.

null Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы 2 мыңнан астам домбырашының өнерін тамашалады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы домбыра - қазақтың бренді мен паспорты екенін атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT