Қазақтың көне биі «Жорға аю» Шанхай сахнасын бағындырды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелде қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ташкентте түркінің ұлықтары ардақталды - TRT

2018 жылды Абай жылы деп жариялаған Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте «Өзбек тілінің түркология әлеміндегі рөлі және халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» атты конференция болып өтті. Бұл туралы осы аптада Түркия Теле-радио мекемесінің порталы хабарлады.

Халықаралық Түркі академиясы және Ташкент мемлекеттік Өзбек тілі және әдебиеті университеті бірігіп ұйымдастырған ғылыми конференцияға университет ректоры профессор Шухрат Сироджеддинов, Түркі академиясының басшысы, профессор Дархан Қыдырәлі, университет лауазымдылары, ғалымдар, қонақтар мен студенттер қатысты. Конференцияның беташар баяндамасын оқыған ректор Сироджеддинов академия мен унирверситет арасында өткізілген конференцияның өте мағыналы және маңызды екенін атап өтті.
null

Конференцияда түркі әлемінің рухани дамуы жөніндегі тақырыптармен қоса атақты ақын-жазушылар Әлішер Науаи, Мағжан Жұмабаев және Шыңғыс Айтматовтың шығармашылықтары жайында сөз болды. Конференциядағы айырықша маңызды оқиға - Халықаралық Түрік академиясы тарапынан өзбек тіліне аударылған Мағжан Жұмабаевтың «Таңдамалы өлеңдер» кітабы да таныстырылды. Шара барысында Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін өзбек тілінде сөйлеткен қарақалпақстандық ақын Мухаффар Ахмад пен Жұмабаевтың әдеби шығармашылығы жөнінде ғылыми түрде шұғылданған профессор Насимхан Рахманов күміс медальмен марапатталды.

«Конференция соңында Академия мен Әлішер Науаи мемлекеттік Өзбек тілі және әдебиеті университеті арасында қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерінің өзбек тіліне аударылуы және түркология саласында ынтымақтастықты арттыру жөнінде хаттамаға қол қойылды» деп түйіндейді түркиялық БАҚ.

Қазақтың көне биі «Жорға аюмен» Шаңхай сахнасын бағындырған өнерпаз - Қытайдың «Орталық халық радиосы»
null

«Жорға аю» биі - қазақ ұлтының көшпенді өміріндегі аңызға айналған ұлттық биі, аңшылық өмірдің айнымас туындысы әрі халқымыздың сахаралық тұрмысында «Қара жорғамен» ұқсас кең көлемде таралған ұлттық құндылықтарының бірі. Біздің сөзге тиек етпегіміз қазақтың көне биі «Жорға аюды» халық арасынан сахнаға көтеріп, аталған би туралы арнаулы зерттеулер жүргізіп келген қытайдың Гансу өлкесі Ақсай Қазақ автономиялы ауданынан шыққан халық өнерпазы Әшім Бидақанұлы туралы болмақ. Бұндай хабар осы аптада Қытайдың «Орталық халық радиосы» ақпараттық агенттігінде хабарланған болатын.

Әшім Бидақанұлы 1972 жылы дүние есігін ашқан, Гансу өлкесі Ақсай ауданының тумасы. Кішкентайынан көркемөнерге деген әуесін білген әкесі оны өнерге бейімдеп тәрбиелейді. 1979 жылы Ақсай аудандық үкімет ұйымдастырған шопандардың мәдениет және спорт мерекесінде әкесі Бидақан «Жорға аю» биін алғаш рет сахынаға билеп шығады. Сөйтіп, бұл қызықты биге Әшім бала жасынан құмартып өседі. Әшім Бидақанұлы негізгі мамандығы тікелей би болмасада, «Музыка назариясы» деген мамандықты музыка колледжінен оқып бітірген. Оқуын тамамдаған соң, жеке кәсіпкерлікпен айналысып, алған мамандығы бойынша жұмыс істемесе де «Жорға аюды» ешуақытта назарынан тыс қалдырмаған. Ол ұлттық биге деген ішкі махаббатының әсерінен, осы биді басында ауданаралық жарыстарға қатысудан бастаса, кейіннен мемлекеттік мәдени фестивальдарға дейінгі үлкен деңгейдегі сахналарға алып шықты.

2015 жылы Қытайдың мемлекеттік Көктем мерекесі қарсаңында, саны аз ұлттардың ұлттық мәдениетін Қытайдың алып мегаполисы Шанхай сахнасында Бекарыс Ербақұлымен бірге «Жорға аюды» билеп шығады. Сөйтіп, ол ұлттық биді үлкен сахнада күллі Қытай еліне көрсетіп, Қазақ ұлтының мәдениетін таныстырып, халықтың алғысына бөленген. Сол жолғы концертте ол «Гансу өлкелік материалдық емес мәдени мұра қорғаушысы» деген марапат белгісін алады.

«Әшім Бидақанұлы «Жорға аю» биін қарапайым халықтың арасынан үлкен сахнаға көтерген бірден-бір өнерпаз», - деп жазады аталған ақпарат көзі. Биші Әшімнің пікірінше, «Аю биі» мен «Жорға аю» биі екі түрлі би.

«Жалпы «Аю биі» қазақ халқы жасаған орталарда сахнаға шығып келген, өзіне тәуелді арнайы музыкасы, күйі болмаған, көне замандарда әртүрлі күйлерге биленген. Мұнда әсіресе домбыраның сол бұрауындағы күйлерге жиі биленіп келген. Ал менің сахнаға алып шыққан «Жорға аюым» халық арасында тәуелді күйі бар, ол «Жорға аю күйі» деп аталады. Мен осы күйдің ритм-ырғағына қарай сахнаға алып шықтым» дейді халық арасынан шыққан биші Әшім.

Өнерін көкейінде берік сақтап, халық қазынасы болған ұлттық биді мұнан да биік сахналарда көрсетуді армандаған азамат «Жорға аю» биін жалғастыру, дамыту туралы өз арманы бар екенін айтады.

«Бұл «Жорға аю» биін, яғни осы бір көркемөнерлік мұрамызды қазіргі заманның тиімді орайынан пайдаланып, жеке өз ұлтымыздан тыс, елімізге, тіпті әлемге таныстыру үшін, тек Ақсайда ғана емес, Шыңжаң секілді қазақ ұлты көп қоныстанған жерлерде де көп шәкірт тәрбиелемекшімін» деген биші арманымен түйіндейді kazakcnr.com ақпараттық порталы.

Әлемнің 50-ге жуық мемлекетінен өкілдер Астанаға жиналды - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null

«Бір белдеу- бір жол» халықаралық форумы 14 мамыр күні Қазақстанның елордасы Астана қаласында ашылды. Аталған халықаралық форумның мақсаты «Бір белдеу - бір жолды» бірлікте құру, деп хабарлайды қытайлық kazakh.people.com.cn сайты.

«Бұл халықаралық форумда «Серіктестік: кеден, салық және бизнес» негізгі тақырып болып, Қазақстан мемлекеттік кіріс көмитеті, Қытай мемлекеттік салық істер бас мекемесі, экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы қатарлы қатысты құрылымдар аталған мәжілісті бірлікте ұйымдастырды. Сөйтіп, Астанадағы халықаралық жиналысқа әлемнің 50-ге жуық мемлекетінен және халықаралық ұйымынан келген 200-ден астам өкіл қатынасты» деп толықтырады қытайлық ақпарат көзі.

Астанада өтетін бұл форум 3 күнге жалғасатынын, онда салықтың ынтымақтастық механизмі, салық заңы, салықтық қызмет көрсету, оған қатысты түйіткілді мәселерді шешу және әр елдердің салық қуатының жүйесі қатарлы мазмұндар төңірегінде өзара пікір алмастыратынын айтады аталған БАҚ.

Ақпараттың соңы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың «Бір белдеу - бір жол» жобасы мен Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында айтқан пікірімен түйінделген.
null

Моңғолия Президенті Баян-Өлгейде барып қайтты - kaznews.mn

null

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга Баян-Өлгей аймағына жұмыс сапарымен барып, Өлгей қалалық Құрманхан атындағы музыкалы драма театрында халықпен кездесу өткізді. Бұл туралы kaznews.mn ақпараттық порталы хабарлаған еді.

Аталған ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, Баян-Өлгей аймағының халқы 101,5 мың, мал саны 2,2 млн-ға жетіп отыр. Ал, статистикалық мәліметтерге жүгінсек 1000-ға жуық адам еңбек нарығында белсенді жұмыс іздеуші деп тіркелген. Жұмыссыздардың басым бөлігін 15-34 жастағы азаматтар құраған.

«Монголбанк мәліметі бойынша, 2018 жылы банктердегі қарыз 132,6 млрд төгрөгті құраса, уақытылы қайтарылмағаны 4,5 млрд төгрөг болған. Оның 1,8 млрд төгрөгі нашар кредит болып есептелген. Ал, азаматтардың банктегі жинақ қоры 86,4 млрд-ға жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 16,5% артқан», - деп жазады моңғолиялық БАҚ.

Арасан ауданындағы тауешкі лағы- Тянь-Шань порталы
null

Қытайдың Бұратала облысына қарасты (Қазақстанмен шекаралас - авт.) Арасан ауданындағы сулы Бейжің тауында фототілші ойламаған жерден туғанына санаулы күн ғана болған тауешкінің лағын суретке түсіріп алған. Оның жайнаған көздері мен сүйкімді де қағылез әрекеті көрген жанды өзіне баурамай қоймайды. Бұл туралы ақпарат қытайлық Тянь-Шань порталында жарияланды.

Фототілші мемлекеттік бірінші дәрежелі қорғалатын жабайы тауешкіні, әсіресе жаңа туған тауешкінің лағын суретке түсіру кез келген адамға кезіге бермейтін орай екенін айтады.

«Тауешкі жыл сайын сәуір, мамыр айларында төлдейді. Олар жаратылыс заңдылығына сай құзар шың, жалама жартастарға барып лақтайды және жаңа туған төлін таста жүргізіп үйретеді. Осылай істеумен өз жауларынан лақтарын аман алып қалады. Тауешкілер мекендейтін жерлерге әдетте адам аяғы да оңайлықта жете бермейді. Сондықтан да фотосуретшілер үшін тауешкі лағын суретке түсіріп алу сәті сирек кездеседі» деп жазады kazakh.ts.cn ақпараттық порталы.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар