Қазақтың кішкентай «Конор Макгрегоры» жұртты күлкіге қарқ қылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде жеңістен кейін өзін аралас жекпе-жектің жұлдызы Конор Макгрегор сезінген баланың қызықты видеосы пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен республикалық жарыстағы жеңісінен кейін кішкентай «Макгрегор» өз кумирінің жүрісін салып, күрес алаңын бір айналып өтті.

Конор Макгрегордың өзіне келетін болсақ, ирландиялық спортшы соңғы жекпе-жегінде жеңіліп қалған - 6 қазан күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен жекпе-жектің төртінші раундында оны ресейлік Хабиб Нурмагомедов «тұншықтырып жіберді». Осылайша, Нұрмагомедов UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы болып қалды, ал Макгрегор реванш өткізуді талап еткен.

UFC президенті Дэйна Уайт болса, оған асығып тұрған жоқ - әуелі Невада штатының Спорт комиссиясының бұл жекпе-жектен кейінгі тәртіпсіздік бойынша шығарған шешімін күту керек.

 

Соңғы жаңалықтар