Қазақтың бір топ әншілері Арысқа барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстықтарға қолдау көрсету үшін бір топ мәдениет және спорт қайраткерлері барады, хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға сілтеме жасап.

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, өнер қайраткерлері эвакуацияланған арыстықтарға қолдау көрсетпек.

«Арыс, біз біргеміз» акциясын Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болман, «Жігіттер» тобы, Ернар Айдар, Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаева, Жеңіс Сейдоллаұлы, Мөлдір Әуелбекова, Бүркіт, Әйгерім Қалаубаева, Құрмаш Маханов, Алтынай Жорабаева, Ақбота Керімбекова, «Заман» тобы, Жанболат пен Жазира Байырбековтер, Қайрат Әділгерей, Жұбаныш Жексенұлы, Жанар Доғалова, Әлішер Кәрімов, Арман Дүйсенов, Майра Ильясова, Айгүл Қосанова, Нұрлан Албан, Жанар Айжанова, Зарина Омарова, Бейбіт Күшқалиев, Аманжол Әлтаев, Мұхтар Ниязов, Қайрат Нұртас, Гүлнұр Оразымбетова, Серік Ибрагимов, спорт қайраткерлері Ермахан Ыбраимов, Бахтияр Артаев, Серік Сапиев және басқалар қолдады», - деп жазды министр өзінің facebook парақшасында.
null

Министрдің мәліметінше, эвакуацияланған адамдар шоғырланған жерлерде тұрғындарға және әскерилерге фильм көрсетілімдері ұйымдастырылады. 25 маусым мен 6 шілде аралығында «Арыстанбаб», «Әзірет-Сұлтан» кесенелеріне және Түркістан облысындағы басқа да тарихи және мәдениет нысандарына барлық ниет білдірушілерге тегін кіруге болады.
null

Сондай-ақ, ҚР Этноспорт қауымдастығы Алматы облысында 27-30 маусым күндері ат спортынан жастар арасында өтетін Чемпионатқа қатысатын спортшылар атынан Арыста зардап шеккен тұрғындарға ақша аударуды жоспарлап отыр.

28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ММА М1 Global Challenge бойынша өтетін кәсіби турнирге Қазақстан атынан қатысатын спортшылар жүлделік қаржыларын Арыс балаларына аударатын болды.

5 шілде күні Алматыда Қанат Исламның WBO Intercontinental титулы үшін өтетін жекпе-жекке қатысушы Қазақстанның кәсіби спортшылары да Арыс тұрғындарына қолдау көрсетеді.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және бізге қарасты мекемелер ұжымдары, Nur Otan партиясының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері шетте қалмай Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорының есебіне бір күндік жалақыларын аударды», - деді Ақтоты Райымқұлова.

null null null null null

Өз кезегінде «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы азаматтық қоғамның белсенділігін көрсеткен осындай қайырымы мол игі істер - еліміздің бірлігі мен ынтымағының берік екендігін тағы бір мәрте аңғартатынын жеткізді.
«Бірлік болмай, тірлік болмас деген ұлағатты ұғым бар жерде әрдайым береке орнап, нәтижелі істер атқарылмақ», - деп қорытындылады Жеңіс Сейдуллаұлы.

Соңғы жаңалықтар