«Қазақтелерадио» АҚ-да жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, яғни қаңтардың 16-сы күні «Қазақтелерадио» акционерлік қоғамында жоспарлы профлактикалық жұмыстар жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат акционерлік қоғамның баспасөз мәліметтеріне сүйене отырып.

«Қаңтардың 16-сы күні Астана уақыты бойынша сағат 03-00-ден 17-00-ге дейін эфирлік цифрлық, аналогты телехабар тарату және радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстары және жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізілетін болады. 2019 жылға жоспарланған профилактикалық жұмыстардың кестесі «Қазтелерадио» АҚ ресми сайтында орналастырылған. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз»,-делінген компания таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар