Қазақтелекомның 28,8 пайыз акциясы мемлекетке қайтарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz cайтына сілтеме жасап.

Қаулығы сәйкес, «Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады.

«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді.



Соңғы жаңалықтар