«Қазақтелеком» Tele2 AB біріккен компаниядағы үлесінің 49% сатып алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақтелеком» компаниясы швециялық Tele2 AB мобильдік операторының 49% үлесін сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, 2016 жылдың ақпанында тараптар «АЛТЕЛ» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ұялы сегментінде бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім жасап, «Қазақтелеком» 51% акционерлік капиталға иелік еткен болатын. Бұл жолы Tele 2 өзіне тиесілі Khan Tengri Holding кәсіпорнының 49% акциясын да сату туралы шешім қабылдап отыр.

«Қазақтелеком» АҚ төрағасы Қуанышбек Есекеев мұнымен қоса «Кселл» АҚ-ның 75% акциясын сатып алу арқылы телекоммуникация саласына тың серпін беру көзделгенін айтады.

«Бұл келісім «Қазақтелеком» компаниясының инвестициялық тартымдылығын арттырады. Бизнесті әртараптандыру арқылы компанияның ауқымы кеңейіп, табысы көбейеді» - дейді Қуанышбек Есекеев.

Елдегі ұялы операторлардың негізгі акционері саналатын «Қазақтелеком» компаниясы бұл келісімдердің нәтижесінде ел аумағына 5G интернетті кіргізуді жоспарлап отыр.

Tele2 команиясы Қазақстан нарығынан шығатынын растап, Tele2 компаниясының президенті Андерс Нилсонның пікірін жариялады.

«Tele2 Қазақстанда табысты бизнес құра алды. Бірлескен кәсіпорын арқылы клиенттер базасын ұлғайтып, нарықтағы үлесті арттырдық. Соның арқасында табыс ткөбейіп, қызмет сапасы жоғарылады. Байланыс сапасын артыру арқлы әрбір қолданушының тұтыну көрсеткішін екі есеге арттырдық» - делінген компания таратқан ақпаратта.

Фото: пресс-служба КТ

Соңғы жаңалықтар