«Қазақтелеком» құрамынан Kcell ұялы байланыс операторы шығуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов «Қазақтелеком» құрамындағы қай ұялы байланыс операторы шығуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір «Қазақтелеком» компаниясының құрамында екі ұялы (Kcell/Аctiv және «Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel)») байланыс операторы бар. «Қазақтелеком» құрамындағы екі ұялы байланыс операторының біреуін шығару ескерілген. Менің білуімше, Kcell-ді шығару бойынша инвесторлармен келіссөз жасалып жатыр», - деді Ержан Мейрамов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұл тұрғыда ол нақты қай инвестор келетінін жариялай алмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, былтыр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Қазақтелеком» құрамынан бір ұялы байланыс операторы шығарылатынын мәлім етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін.

Биылдың аяғына дейін 5G жиілігін сатуға арналған аукцион өткізу жоспарлан. Егер осы аукционда басқа инвестор жеңімпаз атанса, онда жаңа оператордың пайда болуы мүмкіндігі бар.


Соңғы жаңалықтар