«Қазақтелеком» кеңселерінде тінту жүріп жатыр - агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақтелеком» АҚ ғимараттарында тінту іс-шаралары жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер агенттік басшысынан «Қазақтелекомдағы» тінту іс-шаралары туралы сұрақ қойды.

«Әрине, тергеу амалдары жүріп жатыр. Осы орайда тінту іс-шараларын жүргізу керек, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ның Алматы мен елордадағы кеңселері бар. Белсенді тергеу іс-қимылдарын кеше ғана бастадық. Жаңа мәліметтер болса, біз оны жариялаймыз», - деді Олжас Бектенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар