«Қазақтелеком» халық саны 50 мың адамнан асатын ірі қалаларда LTE желісін орнатуды мерзімнен бұрын аяқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төртінші ұрпақ байланысы стандартын енгізу ҚР Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша өтті.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясы жанындағы экономикалық саясат бойынша кеңестің бірлескен отырысында қатысушыларға «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев хабарлады.

2012-2013 жылдары «Қазақтелеком» АҚ желіні республиканың алты облыс орталығында: Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары мен олардың маңындағы елді мекендерде орнатты. Қалған сегіз әкімшілік орталықта ілкі коммерциялық аймақтар іске қосылды. 2014 жылы Түркістан және Кентау қалаларында 4G желісін іске қосудан кейін компания 50 мыңнан астам тұрғыны бар қалаларда желіні орнату бойынша жоспарын мерзімге дейін аяқтады. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 4G желісінің қызметі Қазақстанның барлық аудан орталықтарында пайда болуы тиіс. «Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы «Алтел» елімізде төртінші буын желісін енгізумен айналысуда.

Бүгінде 4G қызметімен Қазақстанның 200 елді мекені қамтамасыз етілген, мұндағы тұрғындардың жалпы саны шамамен 10,6 млн. адамды құрайды, бұл елдегі халық санының 62 пайызын құрайды.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін 2,5 мыңнан астам базалық стансаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2017 жылға дейін біз тағы 142 аудан орталығын бұл қызмет түрімен қамтамасыз етуді жоспарлаудамыз», - деп хабарлады Қуанышбек Есекеев. «Қазақтелеком» АҚ технологиялық дамытудың келесі қадамдары ретінде дауысты 4G LTE желісі арқылы жібере алатын VoLTE технологиясын енгізу мүмкіндігін қарастырып, сондай-ақ LTE-Advanced технологиясын енгізуге дайындалу үстінде.

Соңғы жаңалықтар