Қазақтелеком 5G технологиясын тестілеу нәтижесін жария етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев 5G технологиясын тестілеу нәтижесін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақтелеком Қазақстанда 2018-2019 жылдары 5G технологиясын 6 рет тестілеуден өткізді. Тестілеу Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысында өткізілді. Ең танымал және 5G үшін оңтайлы болып табылатын 3,5ГГц және 28 ГГц жиілік диапазондары пайдаланылды. Тестілеу түрлі клиенттік терминалдар – 5G смартфондары мен 5G модемдерін пайдалану арқылы барлық үш вендордың (Nokia, Ericsson, Huawei) 5G NR жабдығы базасында жүргізілді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, тестілеу үшін түрлі локациялар мен тестілеу жағдайлары таңдап алынды. Қалалық жерлердегі ғимараттардың іші, ашық кеңестіктер, сондай-ақ көп қабатты құрылыстар қамтылды. 2 кейс тестіленді, яғни смартфондардағы мобильді КЖҚ және 5G модем (FWA кейсі) арқылы тіркелген-сымсыз қатынау. Назарбаев Университетіндегі және St.Regis қонақүйіндегі ӨБД аясында 5G тестілеу кезінде 5G базалық стансасы Қазақтелекомның еншілес компаниясы «МТС» ЖШС коммерциялық мобильді желісіне біріктірілді. Осылайша, қолданыстағы 4G желілеріне қосымша 5G желілерін тарату мүмкіндігі тексерілді.

«Осы жүргізілген тестілеулер аясында 3,5ГГц диапазоны үшін 450 Мбит/c және 1,5 Гбит/c аралығындағы, сондай-ақ 28ГГц диапазоны үшін 13 Гбит/c дейінгі деректер беру жылдамдығына қол жеткізілді. Тестілеу кезіндегі желілік кідірістер 2 мен 8 миллисекунд аралығында болды. 5G желілеріндегі деректер беру жылдамдығы бойынша қол жеткізілген нәтижелер 4G көрсеткіштерінен 10-100 есе жоғары. Қазақстанда 5G технологиясын тестілеу жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отырмыз. 2019 жылғы қарашада 5G тестілеуді Түркістан қаласында өткізу жоспарда бар», - деді Қуанышбек Есекеев.

Соңғы жаңалықтар