«Қазақтану» жобасын жүзеге асыру мерзімі анықталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко «Қазақтану» жобасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында ҚХА-ның XXVI сессиясының тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

nullОсы орайда ҚХА-ның XXVI сессиясында ұсынылған жаңа жобаға тоқталған Л.Прокопенко «Ғылыми-танымдық «Қазақтану» жобасы - қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, сондай-ақ қазақ халқының құндылықтарын барлық қазақстандық этностар арасында дәріптеуге арналған. Жобаға ерекше рөл белгіленіп отыр, яғни бірыңғай құндылықтарды қалыптастыру ескерілген», - деді.

nullСондықтан биылғы маусым айында Ақмола облысында аталған жоба ресми түрде іске қосылады.

«Ғылыми бағытта мағына бермей, бұл жобаны жүзеге асыру мүмкін емес. ҚХА кафедралары базасында оны іске асыру үшін тиісті алаңдарды құру керек», - деді Леонид Прокопенко.

nullБұдан бұрын хабарланғандай, ҚХА-ның XXVI сессиясында «Қазақтану» атты жаңа жобаны жүзеге асыру ұсынылған болатын. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақ халқының рухани әсемдігі мен ішкі жан дүниесі тереңдігінің барша кеңістігін көрсетті. Дәуірлер тіріліп, ескерткіштер сөйледі. Қазақ халқының даналығы бірыңғай халықты байланыстырушы негіз болып отыр. Ассамблея «Қазақтану» жаңа жобасын ұсынды. Бұл өз кезегінде барша қазақстандықтарға қазақ мәдениетінің, тарихының, философиясының біріктіруші күші - қазақ халқының құндылықтары жөнінде түсінік беру үшін жасалуда», - деді Ассамблея мүшесі, Шымкент Оқушылар сарайының директоры Наталья Романова.

Соңғы жаңалықтар